Мазмұнға өту
fiziqaz academy

fiziqaz academy

Байланыс

Сұрақтарыңыз болса, WhatsApp немесе email арқылы жазыңыз — әдетте бір күн ішінде жауап беремін.

Сұрақ-жауап

Мастер-кластар кімге арналған?

Қазақстанның физика мұғалімдеріне — мектеп, лицей, гимназия, колледж. Олимпиадаға дайындайтын немесе енді бастағысы келетін мұғалімдерге әсіресе пайдалы. Студенттер мен репетиторлар да қатыса алады.

Мастер-класс қалай өтеді?

Онлайн, Zoom арқылы, тікелей эфирде. Есептерді бірге талдаймыз, сұрақ қоюға болады. Жазба қатысушыларға мастер-кластан кейін жіберіледі.

Қандай тілде?

Қазақ тілінде. Материалдар мен презентация да қазақша.

Төлемді қалай жасаймын?

Тіркелгеннен кейін төлем бетіне өтесіз (банк картасы). Балама — Kaspi аударымы: нұсқаулық тіркелгеннен кейін көрсетіледі.

Сертификат беріле ме?

Иә, толық қатысқан мұғалімдерге электронды қатысу сертификаты беріледі.

Тікелей эфирге қатыса алмасам ше?

Тіркелген барлық қатысушыға жазба мен материалдар жіберіледі — оларды өзіңізге ыңғайлы уақытта қарай аласыз.