Мазмұнға өту
fiziqaz academy

Физика мұғалімдеріне арналған онлайн академия

Физика мұғалімдері үшін онлайн курстар

Олимпиада есептері, әдістеме, заманауи физика және жаңа бағыт — физиканы ағылшын тілінде оқыту. Тәжірибелі мұғалім, олимпиада қазысы және CERN түлегі Ғалымбек Ташевтен. Онлайн, Қазақстанның кез келген нүктесінен.

  • Онлайн
  • Қазақ тілінде
  • Материалдар мен жазба

Келесі курстың күні жақында жарияланады. Хабардар болу үшін WhatsApp-қа жазыңыз.

WhatsApp

Қош келдіңіз

Бейнетаныстыру

Курстар

Өткен курстар

Барлығын қарау
Өтті Онлайн

Физика ағылшын тілінде

25–31 қазан 2026 · 14:00

Физика мұғалімдеріне арналған 7 күндік онлайн курс. Үш блок — механика есебін ағылшынша түсіндіру, графиктер және зертханалық жұмыс. Әр сабақта сөйлейсіз, сыныпта бірден қолданатын дайын сөйлем үлгілерін аласыз.

Өтті Онлайн

Толқындар

25–31 қазан 2026 · 12:00

11-сынып, 2-тоқсан. Физика мұғалімдеріне арналған 7 күндік онлайн курс: толқындарды негізгі ұғымдардан бастап түсінеміз, әр формуланы өзіміз қорытып шығарамыз және есептерді қарапайымнан күрделіге дейін бірге шығарамыз.

Өтті Онлайн

Молекулалық физика және термодинамика

25–31 қазан 2026 · 10:00

10-сынып, 2-тоқсан. Физика мұғалімдеріне арналған 7 күндік онлайн курс: тақырыпты негіздерінен бастап, әр формуланы өзіміз қорытып шығарамыз және есептерді қарапайымнан күрделіге дейін бірге шығарамыз.

Неге fiziqaz academy

Теория емес — сыныпта бірден қолданатын тәжірибе

Олимпиададан күнделікті сабаққа дейін

Олимпиада есептерін шешімнің логикасынан бағалау критерийлеріне дейін талдаймыз, әдістемені де қарастырамыз. Бәрі — ертең сыныпта қолданылатындай.

Физиканы ағылшын тілінде оқыту

Назарбаев Зияткерлік мектептері, халықаралық мектептер және шетелдік оқушылармен жұмыс үшін. CLIL әдістемесі негізінде: тіл физикадан бөлек емес, физика арқылы үйретіледі.

Материалдар сізде қалады

Әр курстан кейін шешімдері бар PDF, презентация, жазба. Сайттағы есептер банкі мен талдаулар — тегін.

Физика мұғалімдерінің қауымдастығы

WhatsApp тобымызға қосылыңыз

Қазақстанның физика мұғалімдері бір топта: идеялармен бөлісеміз, есептер мен әдістемені талқылаймыз, сұрақ қоямыз. Жаңа курстар туралы хабарландыру да алдымен осы топқа шығады. Қосылу тегін.

Топқа кіру
Ғалымбек Ташев CERN түлегі

Кім өткізеді

Ғалымбек Ташев

Физика мұғалімі · Олимпиада қазысы · CERN мұғалімдер бағдарламасының түлегі

10 жылдан астам уақыт Назарбаев Зияткерлік мектебінде (A-Level, IGCSE) және International School of Astana мектебінде (IB MYP/DP) физикадан сабақ бердім. Оқушыларды республикалық және халықаралық олимпиадаларға дайындадым, олимпиада қазылар алқасының және команда жетекшісінің құрамында болдым.

Онлайн режимде 3000-нан астам сабақ өткіздім. fiziqaz academy — осы тәжірибені Қазақстан физика мұғалімдерімен бөлісу алаңы.

  • Назарбаев Зияткерлік мектебі, International School of Astana
  • CERN High School Teachers Programme, Женева
  • Олимпиада қазысы және команда жетекшісі
  • IBO семинары · CLIL тренері (Лондон) · IELTS 8.0
10+жыл тәжірибе
3000+онлайн сабақ
18сертификат пен марапат
Толығырақ және сертификаттар

Қалай өтеді

Тіркелуден сабаққа дейін — 4 қадам

  1. 1

    Курсты таңдаңыз

    Әр курстың жеке беті бар: күні, бағдарламасы және бағасы сонда көрсетілген.

  2. 2

    WhatsApp-қа жазыңыз

    Таңдаған беттегі түймені басыңыз — дайын хабарлама ашылады. Жауап ретінде Kaspi төлем сілтемесін аласыз.

  3. 3

    Төлеңіз — жабық топқа қосыласыз

    Төлемнен кейін орныңыз бекітіліп, қатысушылардың жабық WhatsApp тобына қосыласыз.

  4. 4

    Сабаққа шақыру аласыз

    Қосылу сілтемесі сабақ алдында топқа келеді. Кейін — жазба және материалдар.

Жиі қойылатын сұрақтар

Сұрақ-жауап

Курстар кімге арналған?

Қазақстанның физика мұғалімдеріне — мектеп, лицей, гимназия, колледж. Олимпиадаға дайындайтын немесе енді бастағысы келетін мұғалімдерге әсіресе пайдалы. Студенттер мен репетиторлар да қатыса алады.

Курс қалай өтеді?

Онлайн, тікелей эфирде. Қосылу сілтемесі сабақ алдында қатысушылардың жабық WhatsApp тобына жіберіледі. Есептерді бірге талдаймыз, сұрақ қоюға болады. Жазба қатысушыларға сабақтан кейін жіберіледі.

Қандай тілде?

Қазақ тілінде. Материалдар мен презентация да қазақша.

Төлемді қалай жасаймын?

Курс бетіндегі «WhatsApp арқылы тіркелу» түймесін басыңыз — дайын хабарлама ашылады, оны жіберіңіз. Жауап ретінде Kaspi төлем сілтемесін аласыз. Төлемнен кейін орныңыз бекітіліп, қатысушылардың жабық WhatsApp тобына қосыласыз.

Тікелей эфирге қатыса алмасам ше?

Тіркелген барлық қатысушыға жазба мен материалдар жабық топ арқылы жіберіледі — оларды өзіңізге ыңғайлы уақытта қарай аласыз.