Мазмұнға өту
fiziqaz academy
Өтті Молекулалық физика

Молекулалық физика және термодинамика

2-тоқсан тақырыптарына бір аптада дайындалыңыз

10-сынып, 2-тоқсан. Физика мұғалімдеріне арналған 7 күндік онлайн курс: тақырыпты негіздерінен бастап, әр формуланы өзіміз қорытып шығарамыз және есептерді қарапайымнан күрделіге дейін бірге шығарамыз.

  • 25–31 қазан 2026жексенбі – сенбі
  • 10:00–11:30күн сайын · Астана уақыты
  • Онлайнкез келген қаладан
  • 14 900 ₸екі курс — 26 900 ₸

Бейнетаныстыру

Курс туралы қысқаша

Аудитория

Курс кімге арналған

Кімге арналған

  • 10-сыныпта сабақ беретін физика мұғалімдеріне
  • Басқа сыныптарда сабақ беретін физика мұғалімдеріне
  • Декреттік демалыстағы физика мұғалімдеріне — сабаққа оралар алдында білімді жаңарту үшін
  • Физика мұғалімдігіне оқып жатқан студенттерге (бакалавр, магистр)

Кімге арналмаған

  • Мектеп оқушыларына
  • Физика мұғалімі еместерге

Курс қалай өтеді

Курста не істейміз

Тақырыпты негіздерінен бастап, біртіндеп тереңге қарай түсінеміз

Формула жаттамаймыз — әр формуланы өзіміз қорытып шығарамыз, қайдан шыққанын білеміз

Есептерді қарапайымнан күрделіге дейін бірге шығарамыз

Әр ұғымды сыныпта қалай түсіндіру керектігін — әдістемені талқылаймыз

Бағдарлама

7 сабақ

  1. 1
    Жексенбі, 25 қазан · 10:00–11:30 · 1-күнМКТ негіздері: зат мөлшері, моль, Авогадро саны, молекулалардың массасы мен өлшемі
  2. 2
    Дүйсенбі, 26 қазан · 10:00–11:30 · 2-күнИдеал газ. МКТ-ның негізгі теңдеуін қорытып шығару
  3. 3
    Сейсенбі, 27 қазан · 10:00–11:30 · 3-күнТемпература, молекулалардың орташа кинетикалық энергиясы, Менделеев–Клапейрон теңдеуі
  4. 4
    Сәрсенбі, 28 қазан · 10:00–11:30 · 4-күнИзопроцестер және олардың графиктері
  5. 5
    Бейсенбі, 29 қазан · 10:00–11:30 · 5-күнІшкі энергия, газдың жұмысы, жылу мөлшері
  6. 6
    Жұма, 30 қазан · 10:00–11:30 · 6-күнТермодинамиканың бірінші заңы және оны изопроцестерге қолдану
  7. 7
    Сенбі, 31 қазан · 10:00–11:30 · 7-күнЖылу машиналары, ПӘК, термодинамиканың екінші заңы

Материалдар

Сіз не аласыз

  • 7 сабақ тікелей эфирде — барлығы 10,5 сағат
  • Әр сабақтың жазбасы — жүктеп алып, өзіңізде қалдырасыз
  • Барлық сабақтардың слайдтары (PPT)
  • Сабақта қолданылған барлық есептер мен жұмыс парақтары
  • Сұрақтарыңызға жауап — сабақ кезінде де, жабық WhatsApp тобында да
БонусЖасанды интеллектті (ЖИ) МКТ мен термодинамиканы оқытуда қалай қолдануға болады
Ғалымбек Ташев CERN түлегі

Кім өткізеді

Ғалымбек Ташев

Физика мұғалімі · Олимпиада қазысы · CERN мұғалімдер бағдарламасының түлегі

10 жылдан астам уақыт Назарбаев Зияткерлік мектебінде (A-Level, IGCSE) және International School of Astana мектебінде (IB MYP/DP) физикадан сабақ бердім. Оқушыларды республикалық және халықаралық олимпиадаларға дайындадым, олимпиада қазылар алқасының және команда жетекшісінің құрамында болдым.

Онлайн режимде 3000-нан астам сабақ өткіздім. fiziqaz academy — осы тәжірибені Қазақстан физика мұғалімдерімен бөлісу алаңы.

  • Назарбаев Зияткерлік мектебі, International School of Astana
  • CERN High School Teachers Programme, Женева
  • Олимпиада қазысы және команда жетекшісі
  • IBO семинары · CLIL тренері (Лондон) · IELTS 8.0
10+жыл тәжірибе
3000+онлайн сабақ
18сертификат пен марапат
Толығырақ және сертификаттар

Баға

Курс бағасы

Молекулалық физика және термодинамика 14 900 ₸ бір курс
Молекулалық физика + Толқындар 26 900 ₸ екі курс · 2 900 ₸ үнемдейсіз

Алғашқы екі сабақтан кейін курс сізге сәйкес келмесе — себебін сұрамай, ақшаңызды толық қайтарамын.

Жиі қойылатын сұрақтар

Сұрақ-жауап

Сабаққа қатыса алмасам не болады?

Әр сабақтың жазбасы жіберіледі — жүктеп алып, өзіңізге ыңғайлы уақытта қарайсыз. Жазба сізде қалады.

Сұрақты қайда қоямын?

Сабақ кезінде және қатысушылардың жабық WhatsApp тобында. Барлық сұраққа жауап беремін.

Төлем қалай жасалады?

WhatsApp-қа жазасыз, жауап ретінде Kaspi төлем сілтемесін жіберемін.

Студентпін, қатыса аламын ба?

Иә. Физика мұғалімдігіне оқып жатқан бакалавр және магистр студенттеріне де арналған.

Сертификат беріле ме?

Жоқ, бұл курста сертификат берілмейді.

Ақшаны қайтаруға бола ма?

Иә. Алғашқы екі сабақтан кейін курс сізге сәйкес келмесе, себебін сұрамай, ақшаңызды толық қайтарамын.

10–11 қазандағы интенсивтен айырмашылығы қандай?

Тақырыбы ұқсас, бірақ көлемі басқа. Интенсив 2 күн, 4 сағат болды. Бұл курс 7 күн, 10,5 сағат — 2-тоқсанның барлық тақырыбы, есеп шығару және әдістеме.

Толқындар курсымен бірге алуға бола ма?

Иә. Екі курс бір күндері, әр түрлі уақытта өтеді. Екеуін бірге алсаңыз — 26 900 ₸.

Тіркелу

14 900 ₸

Бұл курс өтіп кетті. Келесі курстар туралы хабардар болу үшін WhatsApp-қа жазыңыз.

Төлем түсініктемесіне курстың атауын жазыңыз. Төлемнен кейін орныңыз бекітіліп, қатысушылардың жабық WhatsApp тобына қосыласыз — қосылу сілтемесі мен материалдар сол топқа келеді.