Мазмұнға өту
fiziqaz academy
Өтті Физика ағылшын тілінде

Физика ағылшын тілінде

Механика сабағын ағылшын тілінде бір аптада сенімді жүргізуге дайындалыңыз

Физика мұғалімдеріне арналған 7 күндік онлайн курс. Үш блок — механика есебін ағылшынша түсіндіру, графиктер және зертханалық жұмыс. Әр сабақта сөйлейсіз, сыныпта бірден қолданатын дайын сөйлем үлгілерін аласыз.

  • 25–31 қазан 2026жексенбі – сенбі
  • 14:00–15:30күн сайын · Астана уақыты
  • Онлайнкез келген қаладан
  • 22 900 ₸бағасы

Аудитория

Курс кімге арналған

Кімге арналған

  • Физиканы ағылшын тілінде оқытып жүрген немесе бастағысы келетін мұғалімдерге
  • Назарбаев Зияткерлік мектептері мен халықаралық мектептерге түсуді жоспарлап жүрген мұғалімдерге
  • Ағылшынды университетте оқыған, бірақ тәжірибе болмағандықтан ұмытып қалған мұғалімдерге
  • Физика мұғалімдігіне оқып жатқан студенттерге (бакалавр, магистр)

Кімге арналмаған

  • Ағылшын тілін мүлде бастамағандарға — курс тілді нөлден үйретпейді
  • Мектеп оқушыларына

Курс қалай өтеді

Курста не істейміз

Тіл физикадан бөлек емес, физика арқылы үйретіледі — CLIL әдістемесі

Әр сабақта сөйлейсіз, ал 3-күні және 7-күні өз демо-сабағыңызды өткізесіз

Сыныпта бірден қолданатын дайын сөйлем үлгілерін аласыз

Мысалдар — мектеп бағдарламасындағы нақты механика тақырыптары

Бағдарлама

7 сабақ

1-блокМеханика есебін ағылшынша түсіндіру

  1. 1
    Жексенбі, 25 қазан · 14:00–15:30 · 1-күнМеханика терминдері. Сандарды, өлшем бірліктерін және формулаларды дұрыс дауыстап айту
  2. 2
    Дүйсенбі, 26 қазан · 14:00–15:30 · 2-күнЕсептің шартын ағылшынша оқу және талдау: берілгені, белгісізі, суреті
  3. 3
    Сейсенбі, 27 қазан · 14:00–15:30 · 3-күнЕсептің шешуін басынан аяғына дейін түсіндіру: қадамдар және байланыстырушы сөздер. Қатысушылардың демо-сабағы

2-блокГрафиктер

  1. 4
    Сәрсенбі, 28 қазан · 14:00–15:30 · 4-күнx(t), v(t), a(t) графиктерін ағылшынша сипаттау: көлбеулік, аудан, өсу мен кему
  2. 5
    Бейсенбі, 29 қазан · 14:00–15:30 · 5-күнГрафиктен есеп шығару және сипаттама бойынша графикті салу

3-блокЗертханалық жұмыс

  1. 6
    Жұма, 30 қазан · 14:00–15:30 · 6-күнЗертхана тілі: құрал-жабдық, нұсқаулық, қауіпсіздік ережелері
  2. 7
    Сенбі, 31 қазан · 14:00–15:30 · 7-күнӨлшеу, қателік, қорытынды жасау. Қатысушылардың демо-сабағы

Пікірлер

Қатысушылар не дейді

Өте пайдалы әрі сапалы курс! Физиканы ағылшын тілінде оқытудың тиімді әдістерін үйреніп, өзіме көптеген жаңа білім мен тәжірибе жинақтадым. Сабақтар қызықты, түсінікті және жүйелі түрде өткізіледі. Әсіресе физикалық терминдерді ағылшын тілінде дұрыс қолдану және оқушыларға тақырыпты (зертханалық жұмыстарды да) ағылшынша түсіндіру дағдыларын дамытуға үлкен көмегі тиді. Ғалымбек ұстазға алғысым шексіз!
М.Физика мұғалімі, Астана
Курс өте мазмұнды әрі интерактивті, жақсы безендірілген, ақпарат жеңіл әрі түсінікті беріледі. Туындаған сұрақтар бойынша әр қатысушыға көмек көрсетіледі, оқу барысында кез келген деңгейдегі қатысушы қолдау алады — әрқайсысына өсуге мүмкіндік бар. Ғалымбек мырза, осындай курс үшін, оны жасауға жұмсаған үлкен еңбегіңіз үшін және физиканы оқыту деңгейімізді көтеруге мүмкіндік бергеніңіз үшін рахмет!
ҚатысушыФизика мұғалімі

Материалдар

Сіз не аласыз

  • 7 сабақ тікелей эфирде — барлығы 10,5 сағат
  • Әр сабақтың жазбасы — жүктеп алып, өзіңізде қалдырасыз
  • Механика терминдері, формулалар және графиктер бойынша сөздік карточкалары
  • Сабақта қолданылған барлық жаттығулар мен жұмыс парақтары
  • Сұрақтарыңызға жауап — сабақ кезінде де, жабық WhatsApp тобында да
Ғалымбек Ташев CERN түлегі

Кім өткізеді

Ғалымбек Ташев

Физика мұғалімі · Олимпиада қазысы · CERN мұғалімдер бағдарламасының түлегі

10 жылдан астам уақыт Назарбаев Зияткерлік мектебінде (A-Level, IGCSE) және International School of Astana мектебінде (IB MYP/DP) физикадан сабақ бердім. Оқушыларды республикалық және халықаралық олимпиадаларға дайындадым, олимпиада қазылар алқасының және команда жетекшісінің құрамында болдым.

Онлайн режимде 3000-нан астам сабақ өткіздім. fiziqaz academy — осы тәжірибені Қазақстан физика мұғалімдерімен бөлісу алаңы.

  • Назарбаев Зияткерлік мектебі, International School of Astana
  • CERN High School Teachers Programme, Женева
  • Олимпиада қазысы және команда жетекшісі
  • IBO семинары · CLIL тренері (Лондон) · IELTS 8.0
10+жыл тәжірибе
3000+онлайн сабақ
18сертификат пен марапат
Толығырақ және сертификаттар

Баға

Курс бағасы

Физика ағылшын тілінде 22 900 ₸ бір курс

Алғашқы екі сабақтан кейін курс сізге сәйкес келмесе — себебін сұрамай, ақшаңызды толық қайтарамын.

Жиі қойылатын сұрақтар

Сұрақ-жауап

Ағылшын тілім қандай деңгейде болуы керек?

A2–B1 жеткілікті. Курс тілді нөлден үйретпейді — бұрыннан бар біліміңізді сабақ беруге жарамды күйге келтіреді.

Сабаққа қатыса алмасам не болады?

Әр сабақтың жазбасы жіберіледі — жүктеп алып, өзіңізге ыңғайлы уақытта қарайсыз. Жазба сізде қалады.

Сұрақты қайда қоямын?

Сабақ кезінде және қатысушылардың жабық WhatsApp тобында. Барлық сұраққа жауап беремін.

Төлем қалай жасалады?

WhatsApp-қа жазасыз, жауап ретінде Kaspi төлем сілтемесін жіберемін.

Сертификат беріле ме?

Жоқ, бұл курста сертификат берілмейді.

Ақшаны қайтаруға бола ма?

Иә. Алғашқы екі сабақтан кейін курс сізге сәйкес келмесе, себебін сұрамай, ақшаңызды толық қайтарамын.

Тіркелу

22 900 ₸

Бұл курс өтіп кетті. Келесі курстар туралы хабардар болу үшін WhatsApp-қа жазыңыз.

Төлем түсініктемесіне курстың атауын жазыңыз. Төлемнен кейін орныңыз бекітіліп, қатысушылардың жабық WhatsApp тобына қосыласыз — қосылу сілтемесі мен материалдар сол топқа келеді.