Физика ағылшын тілінде
Физика мұғалімдеріне арналған практикалық курс: сабақты ағылшын тілінде жүргізуге керек тіл — терминология, формулаларды дауыстап айту, сыныпта сөйлеу және оқушылармен қарым-қатынас.
- 4 апта · 12 сабақұзақтығы
- Аптасына 3 сабақкесте
- Онлайнкез келген қаладан
- A2–B1ағылшын тілі деңгейі
- 8–12 қатысушытоп көлемі
- Сертификатқатысушыларға
Нәтиже
Курстан кейін сіз мынаны істей аласыз
- Есептің шешуін ағылшынша басынан аяғына дейін түсіндіру
- Формулаларды, сандарды және өлшем бірліктерін дұрыс дауыстап айту
- Жаңа ұғымды, графикті және диаграмманы ағылшынша түсіндіру
- Зертханалық жұмысты ағылшынша жүргізу: құрал-жабдық, нұсқаулық, қауіпсіздік ережелері
- Оқушыларға ағылшынша сұрақ қою және олардың жауаптарымен жұмыс істеу
- Сабақты ағылшынша бастап, қорытындылау
Курс не үшін керек
Көп мұғалім ағылшын тілін біледі: университетте оқыған, мәтінді түсінеді, оқи алады. Бірақ сынып алдында тұрғанда бәрі басқаша болады. Формуланы қалай дауыстап оқу керек? Тәжірибенің барысын қалай түсіндіру керек? Оқушы күтпеген сұрақ қойса, не істеу керек?
Бұл курс ағылшын тілін нөлден үйретпейді. Ол сізде бұрыннан бар білімді сабақ беруге жарамды күйге келтіреді.
Қалай өтеді
Аптасына үш сабақ өтеді, әрқайсысының өз рөлі бар: жаңа материал, жаттығу, содан кейін өзіңіздің қысқа демо-сабағыңыз. Әр кездесуде сөйлейсіз — тыңдап қана отырмайсыз.
Демо-сабақтар қысқадан басталады: бірінші аптада үш минут, соңғы аптада он минут. Алдын ала дайындалуға болады, жазып алған мәтінмен сөйлеуге де рұқсат. Мақсат — қателеспеу емес, сөйлеуге дағдылану.
Курс CLIL әдістемесіне негізделген: бұл — пәнді шет тілінде оқытудың халықаралық әдісі. Яғни тіл физикадан бөлек үйретілмейді, физика арқылы үйретіледі. Сабақта талданатын мысалдар — мектеп бағдарламасының нақты тақырыптары, сондықтан үйренген тіліңізді келесі аптада-ақ сыныпта қолдана аласыз.
Кімге арналған
- Физиканы ағылшын тілінде оқытып жүрген немесе бастағысы келетін мұғалімдер
- Назарбаев Зияткерлік мектептері мен халықаралық мектептерге түсуді жоспарлап жүргендер
- Университетте ағылшынша оқыған, бірақ тәжірибе болмағандықтан ұмытып қалғандар
- Шетелдік оқушылармен онлайн жұмыс істегісі келетін мұғалімдер мен репетиторлар
Кім өткізеді
Ғалымбек Ташев
IELTS 8.0
Физиканы ағылшын тілінде бірнеше жыл оқытып келеді, шетелдік оқушылармен онлайн жұмыс істейді.
CLIL тренері, Лондон
Пәнді шет тілінде оқыту әдістемесі бойынша дайындықтан өткен — курс сол әдіске негізделген.
НЗМ және ISA тәжірибесі
Назарбаев Зияткерлік мектебінде (A-Level, IGCSE) және International School of Astana мектебінде (IB) физикадан сабақ берді.
Курстан кейін не қалады
- Сабақта бірден қолданатын дайын сөйлем үлгілері
- Тақырыптар бойынша терминдер сөздігі
- Өз демо-сабағыңыздың бейнежазбасы
- Қатысу сертификаты
Алдын ала тіркелу
Топ жиналуда
Курстың нақты кестесі мен бағасы топ жиналғанда жарияланады. Алдын ала тіркелсеңіз, бірінші болып хабарлаймыз және орын бөліп қоямыз — топ шағын, 8–12 адам.
Түймені басқанда WhatsApp ашылады, хабарлама дайын тұрады — жіберсеңіз болғаны. Әдетте бір күн ішінде жауап беремін.
Жиі қойылатын сұрақтар
Сұрақ-жауап
Ағылшын тілім онша жақсы емес, қатыса алам ба?
Курс A2–B1 деңгейіне арналған: ағылшынша оқи алатын, бірақ еркін сөйлей алмайтын мұғалімдерге. Тілді нөлден бастаушыларға әзірге ерте — ондай топты кейін бөлек жинаймыз.
Бұл жалпы ағылшын тілі курсы ма?
Жоқ. Курс тек физика сабағына керек тілге бағытталған: терминология, формулалар мен сандарды дауыстап айту, зертханалық жұмыс, сыныптағы сөйлесу.
IELTS-ке дайындай ма?
Жоқ, бұл бөлек бағыт. Дегенмен курстағы сөйлеу тәжірибесі IELTS-ке дайындалғанда да көмектеседі.
Сабақтар жазылады ма?
Иә. Әр сабақтың жазбасы қатысушылардың жабық тобына жіберіледі — қатыса алмасаңыз, кейін қарайсыз.
Қанша тұрады?
Топ жиналғанда нақты бағасы мен кестесі жарияланады. Бөліп төлеу мүмкіндігі де қарастырылады. Алдын ала тіркелсеңіз, бірінші болып хабарлаймыз.
Сертификат беріле ме?
Иә, толық қатысқан мұғалімдерге электронды қатысу сертификаты беріледі.